«Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15 ақпандағы № 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 4 тамыздағы № 420 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. ««Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15 ақпандағы № 192 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 340-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1. | «Әуежай Астана» өткізу пункті | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Астана» кеден бекеті |
»;
реттік нөмірі 15, 16, 17 және 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 15. | «Нұр жолы» өткізу пункті | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұржолы» кеден бекеті |
| 16. | «Қалжат» өткізу пункті | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қалжат» кеден бекеті |